$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлытау облысы құрылғалы өңірге 660 млрд теңге инвестиция тартылған

08.10.2025ж. 19:00
Ұлытау облысы құрылғалы өңірге 660 млрд теңге инвестиция тартылған

Ұлытау облысы құрылғалы өңірге 660 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл қаржының 80 %- дан астамы бюджеттік емес әртүрлі көздерден құйылған. Осының арқасында аймақ қарқынды дамып келеді. Өңірде әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар ашылды. Ұлытау бүгінде еліміздің тарихи және мәдени орталығы ғана емес жаңа мүмкіндіктер мекеніне айналды.

Ұлытау көпшілікке «Жошы хан», «Алаша хан» секілді мәдени мұраларымен әйгілі. Ал жеке облыс болып құрылғалы жаңа мүмкіндіктер мекеніне айналды. Өңірге соңғы 3 жылда 660 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл қаржының 80 %- дан астамы жеке секторлардан келді. Инвесторлар бұрын жер қойнауына ғана қызығатын болса енді әртүрлі салаға ақша құюда. Нәтижесінде аймақта жаңа мектеп, балабақша, емханалар мен танымал франшизалар- мейрамхана, қонақүйлер жұмысын бастады. Орталығы Жезқазғанның инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді.

ДАСТАН РЫСПЕКОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Туризм саласында көптеген инвестициялар көріп отырмыз. Баламалы энергетика, жаңағы логистика саласында. Өздеріңіз көріп отырсыздар қызмет көрсету саласында қаншама жаңа қызмет көрсету нысандары бой көрсетіп жатыр.Сол сияқты бізде инвестициялық ахуал тұрақты. Әлеуетіміз жоғары. Әлі бәрі алда деп ойлаймын.

Бүгінде экологияны жақсарту, мәдени- туристік бағыттарды, жолдарды, мұражайларды жаңарту, барлық саланы цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Табиғатты қорғау аймақтары құрылды. Бос қалған жерлер егін және мал шаруашылығына беріліп, бұл салаға бірнеше млрд қаржы бөлінді. Өңірде ірі көкөніс қоймасы, ет бордақылау алаңы ашылады.

АЛМАТ САУХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Келесі жылдан бастап картоп өнімдерін шығаруды бастайды. Егістікке жерлер берілді. Егін мәселесімен қоса жем- шөп мәселесі, сол жем- шөппен арықарай мал шаруашылығын дамыту көзделіп отыр.

Аймақта тұрғын үй құрылысы 2 есе өсті. Бұрын жылына 63000 шаршы метр тұрғын үй салынып келсе, облыс құрылғалы бұл көрсеткіш жылына 111 мың шаршы метрге көбейді. Сөйтіп 3600 отбасы  баспаналы болды. Оның 360- ы осал топтағы азаматтар.

Биыл тағы 200 адам пәтер алады деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, небәрі 220 300 тұрғыны бар Ұлытау облысы үшін бұл жақсы көрсеткіш. Алда шалғай елді мекендерді газ және таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсаты тұр. Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, «АстанаТаймс», Ұлытау облысы.