Батыс Қазақстан облысында жасанды интеллект орнатылған асфальт төсеуші техника сынақтан өтті. Арнайы бағдарламаға бағынатын "ақылды машина" енді жұмысты жеңілдетпек. Асфальттың төселуін қадағалайтын жаңа бағдарлама бұған дейін Астана қаласында сыналған. Енді тың технология Ақжайық өңіріне де жетті. «Подстепное - Федоровка - Ресей шекарасы» тас жолының 108 шақырымының асфальтын осы техника өзі төсеп шықты. Тәжірибе нәтижесі мамандардың көңілінен шыққандай.
АЙБАР ӘУБӘКІРОВ, ЖҰМЫСШЫ:
Мына катоктың ерекшелігі - указатель бәрі көрсетіліп тұрады мұнда. Қанша уплотнениесі бар, қанша градуста асфальт ыссылықта, бәрін өзі автоматически көрсетіп тұрады басқа катоктардан айырмашылығы. Қанша проход жасады екі ортада.
"Ақылды техниканы" тіпті кеңседе отырып басқаруға болады. Төселген асфальттың тығыздығы мен қалыңдығы, жұмыстың сапасы секілді керек деректің бәрі планшетте көрсетіледі. Бұл технология өңірде жол салу жұмыстарын жеңілдетпек, дейді сала мамандары. Мемлекет басшысы да биылғы Жолдауында жол саласына цифрландыру жүйесін енгізуді тапсырған еді.
ЖАННА КЕНЖИНА, ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл смарт техникада жүргізуші тек асфальттың қалыңдығын таңдайды, қалғанын каток өзі реттейді. Президентіміз барлық салада цифрландыруға көшуді тапсырды. Мұндай ақылды техникалар жол-құрылыс жұмыстарының сапасын арттыруға, уақыт жағынан тиімді етуге мүмкіндік береді.