$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Газа секторында 18 мың бала қаза тапқан

Газа секторында 18 мың бала қаза тапқан

Газа секторында 66 мың адам қолынан қаза тапты. Оның 18 мыңы балалар. Халықаралық ұйымдар осындай жантүршігерлік статистика жариялады. Ал, экобелсенді Грета Тунберг бастаған гуманитарлық флотилия өкілдерін Израиль билігі азаптаған. АҚШ-та тағы бір үлкен сот дауы басталды. Техас штатының билігі Трамп әкімшілігіне қарсы шағым түсірді. Ал, Президент елде мемлекеттік төңкеріліс болып жатыр деген қаулы қабылдамақ. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторы мен Израиль арасындағы соғыстың статистикасын жариялады. 500 мың адам кез-келген сәтте аштықтан қайтыс болуы мүмкін. 66 мың адамның ішінде 8 мың әйел мен 18 мың бала мерт болған. Дегенмен, Израиль, соғыстың басталуына 2 жыл толғанына байланысты Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестинаға да шабуыл жасады. Ал, Грета Тунберг бастаған белсенділер теңіздегі блокаданы бұзамыз деп тұтқынға түскен. Израиль билігі бізді азапталып, әрең қашып құтылыпты.

ГРЕТА ТУНБЕРГ, ЭКО-БЕЛСЕНДІ:

Бұл сұмдық. Ұят. Біздің көрген қорлығымыз туралы сағаттап айтып бере аламын. Тура көз алдымызда геноцид болып жатыр. Бейкүнә халық қырылып жатыр. Біз түрмеде жазықсыз болса да, жатқандарды көрдік. Барлығымызға бірдей қорлық көрсетті.

Техас штаты Трампқа қарсы сотқа шағымданды. Олар Президенттің Ұлттық Ұланды Чикагоға кіргізуіне қарсы. Оның үстіне, штат өзге өңірлерден сарбаздардың келуіне қарсы.

ДЖЕЙ РОБЕРТ ПРИТЦКЕР, ТЕХАС ШТАТЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ:

Біздің штатқа ешкім басып кірген жоқ. Ауқымды наразылық акциялары да болып жатқан жоқ Әрине, қылмыс өршіп тұр. Бірақ, жергілікті полицияның жағдайды бақылауға шамасы жетеді. Менің Президент Трампқа ақпаратты жеткізгеніме қарамастан, ол жергілікті сарбаздарды мемлекет меншігіне тартып алған. Біз қол қусырып қарап отыра алмаймыз.

Трамп болса, елде нағыз мемлекеттік төңкеріліс, бүлік болып жатыр дейді. Соған сәйкес заң бойынша шешім қабылдау үшін құжат дайындап жатыр. Осының барлығы заңсыз мигранттардың кесірі дейді. Қазір, Чикаго мен Орегон секілді штаттарда мигранттар мен туыстары және күштік құрылымдар арасында қақтығыс болып жатыр.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жақын арада еліміздің барлық штаттарында үлкен толқулар болайын деп жатыр. Маған жедел ақпараттар жетіп жатыр. Бейкүнә адамдар өліп жатыр. Ал, губернаторлар мен судьялар маған қолбайлау болып жатыр. Сол үшін мен заң жобасын ұсынғым келіп отыр.

Айта кетейік, Трамп әкімшілігі Президентке тоқтау қойған судьяның шешіміне қарсы аппеляциялық шағым түсірмек. Жеңіске жетсе, Чикаго мен Орегонға әскер кіргізіледі.