Бүгінде елімізде ғана емес әлем бойынша су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесі өте өзекті. Соған сай мамандар жаңа технологиялардың көмегімен тіршілік нәрін үнемдеудің жаңа мүмкіндіктерін қолданысқа енгізіп келеді. Қызылордада әсіресе егіс алқаптарын лазерлік тегістеу кеңінен қолданылып жүр. Су айдындары мен тоғандарын тазалап, арналарын ашу, бетондау жұмыстары да жүргізілуде. Тамшы суың қадірін жете түсінген сала жауаптылары болашақ мамандардың да оны ұғынып өсуі маңызды дейді. Соның негізінде қаладағы Исатай Әбдікәрімов атындағы политехникалық жоғары колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Оқу орны осы салада 60-тан аса жас мамандарды даярлауда. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
ЕЛДОС ҚАБЫЛҰЛЫ, «ҚАЗСУШАР» РМК ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Су шарауашылығы нысандарында каналдарды автоматтандыру мәселесі қолға алынып жатыр. Егер ол мәселе қолға алынып, іске асырылатын болса су үнемдеу саласында өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Бөлістік суденттермен, кездестік.