11-12 қазан аралығында Астанада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» атты халықаралық жарыс өтеді.
Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг және Қырғызстанның үздік семсерлесушілері қатысады.
Қазақстанның әр өңірінен семсерлесу спортының үздік өкілдері, сондай-ақ ұлттық чемпиондар мен халықаралық турнирлердің жүлдегерлері, шетелдік спортшылар да арнайы шақырту алған.
Турнир Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде өтеді.