Фестивальге Моңғолия, Ресей, Венгрия, Қырғызстан, Испания және басқа да елдерден қонақтар мен қатысушылар жиналды. Этноалаңда 30-дан астам киіз үйден құралған этноауыл тігілді.
«Шығыс Салбурыны-2025» фестивалі – қазақтың салт-дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға, этнотуризмді дамытуға және халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға арналған маңызды алаң.