$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс",-сарапшы

"Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс",-сарапшы

Мемлекеттік басқарудағы адам саны азайып, қызмет сапасы артады. Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект мемлекеттік қызметкерлердің біразын алмастырады. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырған кездесуде Президент Жолдауындағы жасанды интеллекті дамыту, инновация мен тиімді басқару бағыттары сараланды. Сондай-ақ, бір палаталы Парламент моделіне көшу жайы да назардан тыс қалмады. Осы уақыт ішінде жоғарғы палата жүздеген заң жобасын қарап, мемлекеттік институттарды нығайтуға және өңірлердің мүддесін қорғауға елеулі үлес қосты. Сарапшылардың айтуынша, Сенат өз міндетін абыроймен атқарып, саяси тұрақтылық пен заңнамалық жүйенің беріктігін қамтамасыз етті.

ҒАЛИ ДІНМҰХАММЕД, ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сенат заңнамаларды Мәжіліс дайындайтын заңнамаларды экспертиза жасайтын органға айналып кетті. Енді былай қарайтын болсақ, шын мәнінде осының арқасында көптеген заңнамалық нелер қабылданды. Парламент қабылдаған заңнамалар бізге жұмыс істеп жатқандығын көріп отырмыз. Және ол экономиканы да, саяси жүйеге де әсерін тигізіп отырғанын көріп отырмын.