Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен дәрігерлік амбулатория салынды. Әлеуметтік нысан барлық заманауи жабдықпен қамтылған, ауысымына 45 келушіге дейін қабылдайды. Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді.
ӨМІРБАЙ НИЯЗОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Халқымызға осылай клиника ашып беріп жатқанына көп көп рақмет айтамыз. Осылай міне бірінші рет ем домымызды осы. Мынау енді жақсы салынған мекен екен. Іші таза.Ұнайды енді.Қуаныштымыз жақсы салынған мекем.