11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан Жанабыловтарға қатысты аппеляциялық шешім шықты. Бұған дейін сот Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты істі әкімшілік емес, қылмыстық іс ретінде қарау туралы шешім шығарған. Артынша ерлі-зайыпты қайта қарауды талап етті. Алайда бүгін судья қабылданған қаулы өзгерусіз қалғанын айтты. Дәлерек, Ерболат Жанабылов өткізген іс-шараларда лотереяның белгісі бар дейді.