$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жасанды интеллектті мектептер мен колледждерге тиімді енгізу басталды

Жасанды интеллектті мектептер мен колледждерге тиімді енгізу басталды

Жасанды интеллект - білім беру жүйесінде. Қазақстанда жасанды интеллектті мектептер мен колледждерге тиімді енгізу басталды. Бұл туралы Астанада өткен «AMANAT» партиясының «Мұғалім Talks» алаңында айтылды. Жиынға еліміздің әр өңірінен 300-ден астам педагог, ғалым және сарапшы қатысты. Олар жасанды интеллекттің мұғалім жұмысын жеңілдетіп, оқушыға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік беретініне назар аударды. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, мұғалім - мектептің жүрегі. Жасанды интеллект оны алмастырмайды, керісінше артық қағазбастылықтан арылтып, басты міндетіне - білім мен тәрбиеге назар аударуына жағдай жасайды. Шарада мұғалімдерге арналған тегін цифрлық курстар, пед-хакатон, шетелдік тағылымдамалар және Цифрлық кодекс жобасы таныстырылды. Сонымен қатар бірқатар үздік педагогке партиялық және ведомстволық марапаттар табысталды.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - адал, білімді, әділетті азаматты тәрбиелеу. Бұл процесс үйден басталып, содан кейін мектепте жалғасын табады. Әр баланың отаншыл болып өсуі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуі, айналасына, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Президент айтқандай, әр адам өзі адал болса, заңды құрметтесе ғана Әділетті Қазақстанды құра аламыз. Ал ондай буын тәрбиелеу - мұғалімдердің тарихи миссиясы. Осы істе партия әрдайым сіздермен бірге.