$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Биыл агро көрмеге әлемнің 25 елінен 250-ден астам компания қатысады

Биыл агро көрмеге әлемнің 25 елінен 250-ден астам компания қатысады

Астанада аграрлық көрме өтпек. Шараға әлемнің 25 елінен 250-ден астам компания қатысады. Биылғы көрме серіктестік орнату, тәжірибе алмасу және инвестиция тартуға бағытталған.  Көрме агросала мамандары үшін ғана емес, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер және инвесторлар үшін де маңызды алаңға айналмақ.

АЛЕКСЕЙ БОГДАНОВ, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Қазақстанға сапалы әрі тексерілген ауыл шаруашылығы техникаларын алып келеміз. Сонымен қатар, отандық сүт өнімдерін Беларуське экспорттау бойынша келісім жасалмақ. Жалпы келісімшарттардың көлемі 50–60 миллион долларды құрауы мүмкін.

ШОЛПАН ҚОЖАБАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Биыл он алтыншы көрме өтеді. KazAgro және KazFarm көрмелері ол Орталық Азиядағы, жалпы ТМД елдеріндегі ең үлкен, ауқымды агрорлық көрме болып табылады. Тұқымнан бастап, жерді қалай өңдеу керек. Қандай тыңайтқыш қолдану керек, сосын кадр саясаты да бізде қатты көтеріледі. Осы өзіміздің өнімді тікелей,шетелден келген инвесторлармен кездесулер өтеді.