$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлттық тәрбие - "Келешек мектептердің" келелі бағыты

09.10.2025ж. 19:00
Ұлттық тәрбие - "Келешек мектептердің" келелі бағыты

"Келешек мектептері" – білім көкжиегін кеңейтетін бірегей жоба. Ұлттық жоба аясында Қостанай облысында 5 мектеп ашылды.Жаңа білім ордаларында 4500 шәкірт білім алып жатыр. Қостанайдағы нөмірі 31 мектеп Ұлттық жоба аясында бой көтерген.Мұнда қазір 1200 бала білім алып жатыр."Келешек мектептерінің" әдістемелік жүйесі де өзгеше.Шәкірттерге  ұлттық тәрбие негізінде білім беріледі.Ал оқу ордалары жан-жақты жабдықталған, озық технологиямен қамтылған.   

АНЕЛЬ РАГИМОВА, ОҚУШЫ:

Бұл мектеп маған жаңа заманауи болғандықтан ұнайды.Технологиялар.Мұғалімдері өте білімді.Сабақтарды өте  қызықты өткізеді. 

Ұлттық киім,Ұлттық ойын, Ұлттық қолөнер.Ұлттық құндылықты ұлықтаған ұрпақ ұлтын, ғұрпын дәріптейді. Жастайынан соны біліп өссе өскелең ұрпақтың өрелі тұлға болып қалыптасары қақ. Ұстаздар қауымы ұлттық педагогикаға сүйене отырып, білімді оқушы, кемелді келешек тәрбиелейтініне сенімді. Жыл соңына дейін Тобыл өңірінде тағы бір мектеп салынып бітеді. 900 шәкіртке арналған келешек мектебі кеншілер шаһарында ашылады.

ДИНАРА БОЛАТҚЫЗЫ, АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Ағылшын тілі сабағында біз ұлттық құндылықтарды қолданамыз. Себебі тіл үйрену ол қарым қатынас құралы ғана емес.Тұлға тәрбиесінің үлгісі.Біздің басты мақсатымыз осы екі дүниенің кілтін ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу.Яғни ағылшын тілінде еркін сөйлейтін, жаһандық ақпараттарды оңай қабылдайтын сонымен бірге өз елінің мәдениеті мен ұлтын құрметтейтін ұрпақ өсіру.