$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын қазақстандықтар «Таза бейсенбі» акциясына үлес қосты

AstanaTV
09.10.2025ж. 19:00
Қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын қазақстандықтар «Таза бейсенбі» акциясына үлес қосты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында дәстүрлі «Таза бейсенбі» шарасы бүгін де Қазақстанның бар өңірінде жалғасты. «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен  шараға жұртшылық бір кісідей  атсалысты. 

Елордалық  ұстаздар мен оқушылар, сондай-ақ ата-аналар тазалық шарасына белсене  қатысты. Олар  қаланың тазалығы әр тұрғын үшін маңызды дейді. Жиналғандар мектептің ауласын тазартты, күл-қоқысты жинап, айналаны ретке келтірді.

ТАЛҒАТ ТІЛЕС, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Сарыарқа аудандық осы ауданда орналасқа 68-ші мектепте жалғасуда,бұл жерде біз экологиялық сағат ретінде өскелең ұрпақты, жастарымызды экологиялық бағыттағы сананың әрмен қарай дамуы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында, осы экологиялық сағат өткізіп жатырмыз.

«Таза бейсенбі» акциясы Алматы облысы Талғар қаласында да жалғасын тапты. Экологиялық науқанға 60-тан аса адам қатысты. Нәтижесінде 1,5 шақырым аумақ қоқыстан тазартылды. Жалпы алғанда 3 тоннадан аса қажетсіз қалдық полигонға шығарылды.

СЕРІК ДУМЧИБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Адам көп жүретін, бұл жерде екі колледжіміз бар, больница бар, мектеп бар, өте көп ластанатын болғаннан кейін, арықтар бар оның үстіне,тракторымыз бар, көше жуатын машина бар, қоқыс тиейтін машинамыз бар. Басты мақсатымыз – жастарды тазалыққа үйрету, қаламызды ластамау.

Қызылжарда партия мүшелері, белсенді жастар,  әлеуметтік қызмет көрсету  балалар орталығының ата-аналары мен мұғалімдері, барлығы 50 шақты адам жиналып, ғимарат айналасын  ретке келтірді. Ауланы тазартып, балалардың емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасады.

РАУШАН ЖАКУБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ “АРМАН” БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектептің аумағы кең. Бүгін оны жинауға АМАNАТ партиясының мүшелері көмекке келді.  Олар тек сенбілік жасамай, сонымен қатар концерт және спорттық сайыстарды да ұйымдастырып отырады.  Осының арқасында  балалардың өмірге деген құлшынысын арттырады.

«Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейді. Әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар назардан тыс қалмайды.