$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда ассамблея жастары республика күні қарсаңында мерекелік шаралар ұйымдастыруда

Қызылжарда ассамблея жастары республика күні қарсаңында мерекелік шаралар ұйымдастыруда

Қызылжарда ассамблея жастары республика күні қарсаңында күнде мерекелік шара ұйымдастыруда. Белсенді топ іс шараларды барынша жан-жақты қылу үшін жүйелі бағдарлама әзірлеген. Тың жобалар бес мыңға жуық адамды қамтымақ. Интерактивті сұрақ-жауап, ән мен би жарыстары және этножурналистика сынды байқаулары өтеді. Ассамблея мүшелері республика күнінің маңыздылығын тек ересектер   емес, оқушылар да білуі тиіс деп есептейді. Сондықтан шаралар білім ордаларында да көбірек ұйымдастырылған.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазан айы бойы ақпараттық насихат жұмыстары жүріп жатыр. Облыстық мектептермен және колледж студенттерімен кездесулер қарқынды түрде жүріп жатыр. Өйткені жастар біздің тарихымызды білу керек деп ойлаймыз.