Былтыр біздің ел 12 млн тонна көлемінде астық экспорттады, деп хабарлайды Astana TV.
Бір ғана бидайдың өзінен 6 млн тоннасы сыртқа сатылды. Бұл орайда, яғни астық нарығында жағдай құбылмалы болып тұрады.
Өйткені дәл іргемізде екі ірі экспорттаушы Ресей мен Украина бар. Дегенмен Қазақстан өнім өндірумен қатар экспортта да ұтымды жол тауып келеді. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне қарағанда өткен бес жылдағы статистикаға зер салсақ, 2020-шы жылы 5,2 млн тонна, ал 2021-ші жылы 5,7 млн тонна өнім сатылған.