$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

10.10.2025ж. 12:38
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме жылдық 18% деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Astana TV.

Реттеуші органның мәліметінше, мұндай шешім инфляция қарқынының күшеюі, ішкі сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясындағы ақша-кредит жағдайының жұмсаруы салдарынан қабылданған.