$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Еліміз жол апатынан қаза табатындардың саны бойынша әлемде 3-орында тұр

10.10.2025ж. 13:29
Еліміз жол апатынан қаза табатындардың саны бойынша әлемде 3-орында тұр
Фото: pixabay.com

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері, осы 9 айда Қазақстандағы жол апаттарынан 1600-ден астам қаза тауып,  35 000-нан астамы жарақат алған, деп хабарлайды Astana TV.

«Статистика көрсеткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайы әлі де өте ауыр болып отыр. Жол апаттарының негізгі себептері – 86% жағдайда  жүргізушілердің кінәсі, 14%-да жаяу жүргіншілер мен өзге де себептер», - деп хабарлады Бас прокуратура.