$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан азаматтары үшін бірнеше елге кіру тәртібі өзгерді

10.10.2025ж. 15:39
Қазақстан азаматтары үшін бірнеше елге кіру тәртібі өзгерді
Фото: pixabay.com

СІМ мәліметінше, жаңа талаптар қыркүйек-қазан айларынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Astana TV.

Латвия – сапар алдында кемі 48 сағат бұрын eta.gov.lv сайтында өтінім толтыру қажет. Жалған ақпарат үшін 2 мың еуро айыппұл салынады.

Мысыр – 1 қазаннан бастап 21 жасқа толмағандар елге тек ересекпен кіре алады. 21 жастан асқандар 15 күнге дейін Шарм әл-Шейх әуежайында виза рәсімдей алады. Басқа қалаларға бару үшін виза елшіліктен беріледі.

Мексика – АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония немесе Шенген визасы бар қазақстандықтар елге визасыз кіре алады.

Ресей – шетелдіктердің биометриялық деректерін жинау бойынша сынақ жүргізілуде.