"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков үзілістен кейін қайтадан негізгі командамен бірге жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Astana TV.
Футболшы жалпы топқа қосылып, командамен бірге қазандағы қарқынды ойындарға дайындалып жатыр.
Бұл айда алматылықтарды үш маңызды матч күтіп тұр:
17 қазан – “Қызылжар”
21 қазан – “Пафос”;
26 қазан – “Астана”.