$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жеңіл көлікпен автобус соқтығысып, 1 адам көз жұмды

10.10.2025ж. 17:12
Жеңіл көлікпен автобус соқтығысып, 1 адам көз жұмды
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Astana TV.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Ал, автобуста 4 жолаушы мен кондуктор болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі (көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілді, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір апаттың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.