Жамбылда Тұрар Рысқұлов аудандық ауруханасында 6 жасар бала қайтыс болды. Туыстары оған дәрігерлердің салғырттығы себеп дейді. Оның үстіне аудандағы жалғыз ауруханада үнемі дәрі-дәрмек жетпіспейтінін айтады. Баланың іш-құрылысы ауырып, оны емдеу мекемесіне әжесі алып келген. Алайда, оған ешқандай ем-дом жүргізілмеді дейді.
РАУШАН МАХАМБЕТОВА, МАРҚҰМНЫҢ ӘЖЕСІ:
Апа су ішкім келіп жатыр. Су беріп ем қылқылдатып ішті. Алдыма алып бүйтіп отыр едім. Апа қолыңыз қатты екен мені жатқызыңызшы деді.Ақырын барып жатқыздым, болды. Сомен қатты бір күрсінді. Үлкен адам құсап күрсінді де сомен жүріп кетті.
АСЫЛАЙ ЕСЕНӘЛИЕВА, НАҒАШЫ ӘПКЕСІ:
Балаға тек қана креон берген. Басқа ешқандай дәрі-дәрмек бермеген. Апасы бір система укол салыңыздаршы десе болницада ешқандай дәрмек жоқ, өздеріңіз сатып әкеліңізші депті өзіне. Баламды қолыма ұстап қайда жүгірерімді білмеймін дейді. Тексерілсін. Көрсін. Неге элементарно дәрі жоқ бұл болницада. Қашанғы адам осылай қайтыс бола береді.
Осыдан екі жыл бұрын дәл осы ауруханада марқұм болған баланың анасы да емінен айыға алмай көз жұмған көрінеді. Сондықтан баланың жақындары кінәлілер тиісті жазасын алуы үшін толық тексеріс жүргізілуін талап етіп отыр. Ал бас дәрігер балаға тиісті ем жоспарға сәйкес жүргізілді дейді.
ДӘУЛЕТ ХАМИТҰЛЫ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Толық емшараларын протоколға, хатамаға сай алған. Қазіргі таңда облыс бойынша екі комиссия құрамы бекітіліп отыр. Бұл бойынша қазір біздің полиция бөліміне хабарланған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот сараптамасы тағайындалды.