$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда 2 мыңнан астам құс қырылып қалды

10.10.2025ж. 19:00
Павлодарда 2 мыңнан астам құс қырылып қалды

Павлодарда 2 мыңнан астам құс қырылып қалды. Әсіресе, Тереңкөл ауданында жағдай қиын. Мұнда мыңға таяу құстың өлексесі табылды. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мамандар өлген құстан сынама алып, тексеріп жатыр.  Егер аса қауіпті құс тұмауы болса, өңірдегі 8 ауыл карантинге жабылуы мүмкін. Құстардың қырылуы  қыркүйекте басталған. Бастапқыда бірде-екілі құс өлгендіктен, ешкім мән бермепті. Бірақ, соңғы кезде олардың қырылуы күрт артып кетті - дейді, мамандар.  Аймақта құс тұмауы осыдан 4 жыл бұрын тіркелген болатын. Ол кезде де құстардың жаппай қырылу дерегі тіркелмеді. Ал үй құсынан айырылған тұрғындарға өтемақы төлеу жағы қарастырылмақ.

ҒАЛЫМ БЕЙСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші қыркүйек күні аңшылық басталды жабайы құстарға. Екінші, үшінші сентябрь күні бізде үй құстарының өлімі басталды. Біздің болжам бойынша сол аңшылар жабай құстарды ауылдарға әкелген. Содан заражение болды деп болжамдаймыз.