Оралда банктің бұрынғы қызметкері ипотека рәсімдеп, пәтер алуға көмектесемін деп жұртты сендірген. Қаржы саласындағы тәжірибесін молынан пайдаланған ол "арманыңдағы көлік пен үйді әперемін",- деп таныстарына үйіп-төгіп уәде беріпті. Осылайша қарапайым тұрғындар түгілі, іскер кәсіпкерлердің өздерін тақырға отырғызған. Бірі қалтасындағы 23 миллион теңгесін қалай санап бергенін де білмей қалған. Әзірге күдіктінің 12 адамды алдағаны анықталды. Биыл осы өңірдің жеті жүздей тұрғыны алаяқтардың тұзағына түскен.
АҚЕРКЕ АЙЫМҚҰЛ, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеден асады. Сондықтан азаматтарды барынша сақ болуға шақырамыз. Егер сізге осындай күмәнді ұсыныс жасалса, дереу полицияға хабарласыңыз.