Ақтөбе облысының Ақжар мен Бөгетсай ауылдарында "АMANAT" партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау болды. Тұрғындар көптен бері шешілмей жүрген мәселелерін партия өкілдеріне, заңгерлер мен нотариустарға ашық айтып, көмек сұрады.
Көпбалалы ана Гүлназ Рысмағанбетова 4 жылдан бері тұрып жатқан үйінің құжатын рәсімдей алмай жүр. Соның кесірінен газ құбырын үйге кіргізе алмай жүрген көрінеді.
ГҮЛНАЗ РЫСМАҒАНБЕТОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Газ керек тек маған. Документ жоқ,хозяйнда, бұрынғы хозяйнда.Документі бар, просто хозяйнның қолында тұр, аударылмаған вообще.
Қоғамдық қабылдаудан кейін ауыл әкімі үйдің бұрынғы иесімен байланысып, құжаттарын реттеуге уәде берді. Отын тасып, ошақ жағудан құтылуды армандап жүрген отбасы үшін бұл жақсы жаңалық болды.
Ал 87 жастағы Сәуле Исмағұлова соғыста хабарсыз кеткен әкесінің құжаттарын Подольск архивінен тауып, оны әскери бөлімге тапсыруға келіпті. «Әкемнің ерлігі ел есінде қалсын» деген кейуананың сөздері жиылған жұртты толқытты.
СӘУЛЕ ИСМАҒҰЛОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:
41-45 жылда әкем соғыста болып, біз Украинадан келгенбіз, соғыс басталғаннан кейін. Сол документ «без вести пропавший» болып еді ғо. Соны іздеп-іздеп, жазып, түбінде ана Подольскіде Москваның қасында офицерлердің архиві бар. Содан алдырдым. Бар екен.+Соғы заңгерге тапсырдым.Военкоматта жатсын, менде жатқанша.
Партия өкілі Азамат Жолданбаевтың айтуынша, биыл ел бойынша 1700 ге жуық көшпелі қабылдау өткен. 13000 нан астам адамның өтініші қаралыпты. Оның жартысынан көбі шешімін тапқан.
АЗАМАТ ЖОЛДАНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Шараның мақсаты-бұл «Аманат» партиясының жасап жатқан жобасы.Жоба аясяында халық арасынан шығып, бұқара халық арасына шығып, қордаланған мәселелерді көтеріп, оның оңтайлы жолдарын қарастыру.
Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 54 ауылда қабылдау ұйымдастырылған. Келесі сапарлар да шалғай елдімекендерге бағытталып отыр.