2025-2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда, деп хабарлайды Astana TV.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,9 млн тонна шөп (жоспардың 101,5%-ы), 1,9 млн тонна пішендеме (112,5%), 3,2 млн тонна құрамажем (56,8%), 2 млн тонна сабан (97,0%), 4,1 млн тонна сүрлем (88,6%) дайындалды.
Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жоспар орындалғаны байқалады.
Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.