$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын ала алмады

10.10.2025ж. 18:24
Трамп Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын ала алмады
Фото: DW

2025 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Венесуэла саясаткері Мария Корина Мачадоға «Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын қамтамасыз етудегі тынымсыз қызметі және диктатурадан демократияға әділ әрі бейбіт жолмен өту жолындағы күресі үшін» берілді, деп хабарлайды DW.

Мачадо 2012 жылғы Венесуэла сайлауында президенттікке үміткер болды және 2014 жылы Николас Мадуро үкіметіне қарсы наразылық кезінде басты тұлға болды.

Биыл құрметті сыйлыққа 338 тұлға мен ұйым ұсынылды. Алайда соңғы бірнеше аптада Трампқа сыйлық беріле ме, жоқ па деген басты мәселе болды. АҚШ президентінің өзі «сыйлыққа лайық екенін және оны бермеу АҚШ-ты қорлау» болатынын бірнеше рет мәлімдеді.

Израиль-ХАМАС келісімінен кейін букмекерлік кеңселер Трамптың коэффициентін арттырды, бірақ лауреат туралы шешім келісім жасалғанға дейін қабылданған. Комитет Израиль-ХАМАС келісімінің 2025 жылғы лауреатты таңдауға «мүлдем әсер етпейтінін» атап өтті.