Бүгін Астанада XII Азаматтық форум өтті. Биылғы тақырып - «Инновациялар мен технологиялар: азаматтық сектордың болашағы». Форумға үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шарада цифрлық шешімдер мен жаңа технологиялардың азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі талқыланды. Қатысушылар табысты жобалармен бөлісіп, серіктестік орнатуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, түрлі бастамалар мен әлеуметтік жобалар көрмесі өтті. Форум қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты күшейтіп, жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашты.
ЗҰЛФУХАР ҒАЙЫПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Президентімізде ылғи айтады егер біз демократиялық қоғамды дамытамыз десек бірінші кезекте азаматтық қоғамның соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін көтеруіміз керек деп. Ол рас. Көп жағдайда қоғамдағы әлеуметтік болсын, экологиялық болсын мәселелерде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі күшейіп келе жатыр.