$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елордада еңбек адамдары ұлықталды

Елордада еңбек адамдары ұлықталды

Бүгін елордада еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетілді.  «Адал еңбек – адал азамат» атты салтанатты шара аясында түрлі салада табандылықпен еңбек етіп, өз ісінің үздігі атанған жұмысшы мамандар мен еңбек озаттары марапатталды.

Марапат иелеріне қала әкімінің атынан гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар ұсынылып, олардың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігіне жоғары баға берілді. «Еңбек жолы» және «Парыз» республикалық конкурстарының өңірлік кезең жеңімпаздарына дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

АЛМА СӘУЛЕБАЕВА, "ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Жай, қарапайым жұмысшыларды сыйлап, марапаттап, осындай сый көрсету үшін жинап отырғанның өзіне бір марқайып қалады. Осы жылы көп шаралар істеліп жатыр, жақсы хабарлап келіп жатыр. Соған мен өте ризамын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты- еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру және жас буынды кәсіпке баулу.

ЕРЛАН ЖҮСІПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үздік династияны таңдаймыз, 3 орын болады.  Сонымен бірге ең үздік тәлімгер анықталатын болады және жастардың арасынан ең үздк жас жұмысшы марапаттаймыз. 1600 адамға арналған мереке. Сонымен бірге жастарды да шақырдық. Себебі жастар бізге жұмысшы мамандарының маңызды екенін көру керек. 

Салтанатты бөлімнен кейін кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара қонақтарына отандық өнерпаздар патриоттық әндер мен музыкалық қойылымдар тарту етті.