$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жанар Айжанованың қызы екінші рет ана атанды

10.10.2025ж. 22:16
Жанар Айжанованың қызы екінші рет ана атанды
Фото: жеке мұрағаттан

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші рет ана атанды. Бұл туралы блогер Сәкен Қағаров өзінің парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Astana TV Аikyn.kz сілтеме жасап.

“Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары блогерлер отбасын жаппай құттықтап жатыр. 

“Бауыр берік болсын”, “Қандай күшті жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына қуаныштымыз”, “Алла денсаулық берсін”, – деп жазды көпшілік. 

Айжұлдыз Адайбекованың бірінші некеден Назар есімді ұлы бар.