Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық конгресс өтті. Алқалы жиынды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ұлттық ғылым академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық Түркі академиясы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесе ұйымдастырды.
Конгресс аясында қазақ тіл білімі мен түркітанудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Ғалымдар тілдің тарихи дамуы, корпус лингвистикасы мен терминология саласындағы жаңа бағыттар бойынша тың зерттеулерін ұсынды. Жаһандану дәуірінде тіл мен рухани бірегейлікті сақтау мәселелері де ерекше назарға алынды.
КӘРІМБЕК ҚҰМАНАЛИЕВ, АКАДЕМИК, Ш. САРЫБАЕВТІҢ ШӘКІРТІ:
Бұл кісінің 300-ден астам ғылыми еңбектері оның ішінде 20-дан астам монография мен оқулықтарының бәрін айтпағанның өзінде түркі әлеміне түрен салған. Бұл қазақ түркология лексикографиясының негізін салған адам. Мен осындай үлкен көрнекті ғалымның шәкірті болғанымды мақтан етем.
Форум барысында Шора Сарыбаевтың ғылыми мұрасы мен еңбектері жаңаша бағаланып, бірнеше еңбектің тұсаукесері өтті. Түркі дүниесінің түпқазығы – тіл мен тарихтың тамырлас байланысы, рухани сабақтастық пен ғылыми серіктестік кеңінен сөз болды.
ЖЕҢІСБЕК ТӨЛЕН, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазақ тілінің дамуына үлкен қосқан белді ғалымдарымыздың бірі академик бұл жастардың қащақ тілінің қазір уақыттағы қолданылу аясына үлкен үлес қосады деп есептейміз. Бұл яғни бүкіл түркі елдерін біріктіретін түркологиялық үлкен конгресс форматында өтіп жатыр. Бүкіл түркі елдері осы шараға атсалысуда.
Шора Шамғалиұлының ғылыми мұрасы – ұлт рухының өзегі. Академиктің 100 жылдығына арналған халықаралық конгресс – тіл тағдыры мен түркі бірлігінің туын биіктеткен тағылымды шара болды.