Астанада Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер 5-ші кезеңді аяқтады. Негізгі іріктеу Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің базасында болды. Оған қатысушылар мемлекеттік салалар мен бағыттарды дамытуға қатысты өз көзқарастарымен бөлісіп, сараптама комиссиясымен сұқбаттасты. Ақтық іріктеуге 100 үміткер жіберіледі. Кезең нәтижелері қатысушылардың жеке кабинеттерінде және резервтің онлайн-платформасында жарияланады. Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу әдетте 6 бағытта жүргізіледі. Олар әлеуметтік саясат пен азаматтық қоғам, сыртқы саясат пен инвестициялар және инфрақұрылым мен өндіріс. Іріктеу екі жыл сайын өтеді. Биыл өтініш бергендер 7 мыңнан асып жығылған.
ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жыл сайын мынау біздің Президенттік жастар кадрлық резервның сайтында 31 мыңнан аса адамға дейін тіркеліп отырады. Соның былтыр мысалға 23-ші жылы 6 мың 400 болса,биыл 7 мың 436 үміткерлер өздерінің ұсыныстарын беріп, осы Президенттік жастар кадрлық іріктеуге қатысты.