$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада бүгін жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр

11.10.2025ж. 10:40
Астанада бүгін жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

«Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты кең ауқымды экологиялық акция аясында 11 қазан күні таңертең елордада жалпықалалық сенбілік басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдар қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафе, мейрамханалар және басқалар), волонтерлер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ ПИК (МИБ) өкілдері және басқа да ұйымдар қатысып жатыр.

Экоакция аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазалау, нөсер және арық жүйелерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді жинау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды тазалау, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және басқа да шаралар өтуде.

Қала тұрғындары елорданың тазалығы мен тәртібін сақтау ісіне белсенді атсалысып жатыр. Тұрғындар аула болып бірігіп, өз аудандарында тазалық жүргізіп жатыр.