$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақша бопсалаған журналист ұсталды

11.10.2025ж. 17:05
Ақша бопсалаған журналист ұсталды
Фото: pixabay

Атырауда 10 млн теңге бопсалаған журналист ұсталды деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

- Атырауда полиция қызметкерлері жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты бейнематериалды таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен 36 жастағы журналисті ұстады. Ақшаның бір бөлігі — 4 миллион теңге — делдал арқылы берілген, - делінген хабарламада.
 

 Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.