$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетісуда алқабилер жүргізушіге қатысты айыптау үкімін шығарды

11.10.2025ж. 18:48
Жетісуда алқабилер жүргізушіге қатысты айыптау үкімін шығарды
Фото: pixabay

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы ЖКО-ға кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты.

Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, «Volvo FH-Truck» автокөлігінің жүргізушісі «Алматы – Өскемен» тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан.

Қайғылы оқиға жеңіл көліктегі бес адамның өмірін қиды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.