$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп Скриптониттің әнімен гольф ойнады

11.10.2025ж. 21:17
Трамп Скриптониттің әнімен гольф ойнады
Фото: инстграмдағы видеодан скрин

АҚШ президенті Дональд Трамптың немересі, Кай Мэдисон Трамп, әлеуметтік желіде атасымен бірге гольф ойнаған видеосын жариялады. Ерекше назар аудартқаны – роликте қазақстандық рэпер Скриптониттің «Не расслабляйся» трегі ойнап тұр.

Кай жариялаған видеода немересі мен атақты атасы гольф алаңында алма-кезек ұзақ соққылар жасайды.

Ал видео соңында Кай мен Дональд Трамп гольф көлігіне мініп, атасы рөлге отырып кетіп барады. Роликтің толық нұсқасы YouTube-та жариялануы мүмкін. Себебі Кай жазбасында:

«Атам Дональд Трамппен бірге. Видео сенбі күні, шығыс уақытымен 12:00-де YouTube-та шығады», – деп жазған.

18 жастағы Кай Трамп – танымал блогер, YouTube-та алтын және күміс батырмалардың иегері әрі кәсіби гольф ойыншысы. Желі қолданушылары, әсіресе Скриптониттің жанкүйерлері, оның музыкалық талғамына жоғары баға беріп жатыр.

Бұл туралы Курсив жазды.