$448.61 €503.83 ₽5.48

Дастан Сәтпаевтың жарақаты ауыр болуы мүмкін

11.10.2025ж. 23:55
Дастан Сәтпаевтың жарақаты ауыр болуы мүмкін

17 жастағы шабуылшы бұған дейін жарақатына байланысты ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатыса алмады.

«Қайрат» клубының мәліметінше, ол Қатарға аттанады. Толыққанды тексерістен өтеді. Оның қалпына келу барысына қатысты ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Клуб өкілдері ойыншыға алаңға қайта оралуына тілектестік білдірді.