$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жартылай финалға шыға алмады

Жартылай финалға шыға алмады

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады.

Жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасымен кездесті. Нәтижесінде қарсылас команда 14:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Таиланд командасымен кездеседі. Таиландтықтар өз жартылай финалында Жапониядан жеңілген болатын.