$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда 10 миллион теңге бопсалаған журналист әйел ұсталды

Атырауда 10 миллион теңге бопсалаған журналист әйел ұсталды

Атырауда полиция жеке компания басшысынан ірі көлемде ақша бопсалаған 36 жастағы әйелді ұстады. Тергеу дерегінше, ол кәсіпорын қызметіне қатысты бейнематериалды жарияламау үшін 10 миллион теңге талап еткен.

Ақшаның бір бөлігі — 4 миллион теңге — делдал арқылы алынған. Ол полицейлермен қолға түсті.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігібойынша (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция өзге тұлғалардың бұл іске қатыстылығын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай қылмыс жасаған Шалқар ауданының сәулет және құрылыс бөлімі басшысы Шуға Садуақасова мердігер ұйымдардың өкілдерінен ақша бопсалағаны үшін кінәлі деп танылған болатын.