Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Лаңкестікті насихаттады деген күдікке ілінген төрт ақтөбелік қамауға алынды

AstanaTV
27.11.2017ж. 20:00
2449
Лаңкестікті насихаттады деген күдікке ілінген төрт ақтөбелік қамауға алынды

Ақтөбе соты «терроризмді насихаттады» деген күдікке ілінген төрт тұрғынға «екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі» бұлтартпау шарасын жариялады. ҰҚК мен ішкі істер органдары оларды 24-інші қарашада ұстаған.

Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, тінту кезінде оқ дәрілер мен шолақ мылтық, травматикалық және газды тапаншалар тәркіленген. Сондай-ақ, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет пен электронды ақпарат тасымалдауыштар алынған. Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар «ДАИШ» халықаралық ұйымын насихаттады деген күдікке ілініп отыр. Қазір  барлығы қамауға алынды.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметкері:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен Саркулов, Мырзакаримов, Даулетияров, Сауанаевтарға ҚР ҚК-тің 256-бабы 2-бөлігімен көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін күдік тағылды. ҰҚК департаменті тергеу басқармасының өтініші қанағаттандырылып, аталған тұлғаларға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.