Батыс Қазақстан облысында 34 жастағы бұрынғы банк қызметкері ипотека мен автонесие рәсімдеуге көмектесемін деп, тұрғындарды алдап соққаны анықталды, деп хабарлайды Astana TV.
Тергеу мәліметінше, күдіктінің алаяқтықтың 12 дерегіне қатысы бар, жалпы залал көлемі 50 миллион теңгеден асқан.
Жәбірленушілердің басым бөлігі – қаланың жеке кәсіпкерлері.
Кейбір жағдайларда ол азаматтарға автокөлік сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, олардың қаржысын өз пайдасына жаратқан.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.