Ішкі істер органдары 16 ұйымдасқан топтың, соның ішінде 3 трансұлттық топтың жолын кескен. Сонымен қатар 12 есірткі зертханасы мен 93 фито-объект жойылды.
Есірткіні интернет арқылы сату күресті қиындатып отыр. Сондықтан ІІМ бұл бағытта IT-мамандарды тартып, арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған. Әлеуметтік желілердің әкімшілерімен Meta және Telegram компанияларымен келісім жасалды. Қазір нарко-сайттар мен жарнамалар бұғатталып, күмәнді операциялар бойынша 2,1 млрд теңге сомасындағы шоттар тоқтатылды, - дейді ІІМ Ержан Сәденов.
Есірткі өндіру мен таратуды ұйымдастырғандарға қатысты жаза өмір бойына дейінгі бас бостандығынан айыруға дейін күшейтілді.
Есірткіні дайындау мен сатудың жауапкершілігі ажыратылды. Бұған дейін колонияларда жазасын өтеген 1 200 "жасырын таратушылар" босатылып, олармен волонтёрлік бағдарлама аясында жұмыс жүргізілуде. Есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынғандар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Қазірдің өзінде 3 600 құқық бұзушылық фактісі анықталған. 2026 жылдан бастап прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылмақ, - деді Ержан Сәденов.