2025 жылғы 12 қазанда «Астана Арена» стадионында UNI Football League жобасының құрамындағы командалар арасында елімізде бірінші инклюзивті футбол турнирі өтті, деп хабарлайды Astana TV.
Турнирге Аутизм, Дауна синдромы, ДЦП және басқа даму ерекшеліктері бар 95 бала мен жасөспірім қатысты, олар Қазақстанның 10 қаласынан келген: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.
Ойындар 5+1 форматында өтті, матчтар уақыты — әрқайсысы 15 минут. Жеңімпаздар анықталған жоқ — барлық қатысушылар медальдар мен естелік сыйлықтар алды, өйткені турнирдің басты мақсаты — жарыс емес, қолдау, инклюзия және ойнаудан қуаныш алу. Жас футболшылардың ата-аналары жоба серіктестері мен демеушілерімен кездесті және оларға алғыс білдірді.
Турнир ерекше футболшыларды, олардың ата-аналарын, жаттықтырушыларды, волонтерларды, демеушілер мен БАҚ өкілдерін біріктірді. UNI Football League — теңдікке, қолжетімділікке және үмітке салынған еңбек. Жобаға жасалған әрбір инвестиция — бақытты балалық, сенімді болашақ және мықты қоғам құруға бағытталған. UNI Football League жай ғана секция емес — ерекшелігі бар балалар команда мен қоғамның бір бөлігі ретінде өзін сезінетін шынайы қауымдастық.
«Екі жыл бұрын мен, Чингис Темерхановпен бірге — Қазақстанның футбол федерациясындағы әлеуметтік жобалардың кураторы, Blind және ЦП футболының негізін қалаушы, ерекшелігі бар балаларға әлеуметтену үшін тағы бір мүмкіндік сыйлау мақсатында бұл жобаны бастаған едік. Сол кезде көптеген ата‑аналар балаларының футбол алаңына шығатынын, гол соғатынын, командамен ойнайтынын елестете де алмайтын. Бұл мүмкін емес көрінген. Ал бүгін, еліміздің басты спорт аренасында біз ондай балдардың шамамен 100‑ге жуық жиналғанын көрдік, футбол олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды — бүкіл Қазақстандағы жүздеген отбасының қуаныш, мақтаныш және бақытының көзі. Бұл турнир — жүйелі қайырымдылықтың үлгісі, бизнестің ерекше балаларды қолдау үшін бірігуі. Бүгін бұл жерде 32 компания, 90 волонтер, жүзден астам ата‑ана, жаттықтырушылар, Астана қаласы әкімдігі, шетелдік елшіліктер бар. Баршаңызды турнир мен Лига ұйымдастыруға қолдау көрсеткендеріңіз үшін жүректен алғыс айтамын. UNI Football League — жай спорт ғана емес» — деп атап өтті «Bolashak Charity» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
«Бүгінгі турнир Қазақстандағы инклюзивті спорт дамуының жаңа кезеңін ашатын тарихи оқиға. «Freedom Шапағат» қоры үшін оны қолдау біздің әлеуметтік миссиямыздың ажырамас бөлігі. UNI FOOTBALL LEAGUE‑ды қолдап, әр баланың дамуына жағдай жасап, біз бірге инклюзивті, мейірімді және әділетті қоғам құрамыз» — деді «Freedom Шапағат» ҚФ президенті Баглана Мусина.