Мемлекет басшысы «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының өкілдерімен кездесті. Швейцариялық депутаттардың елімізге жасаған сапары жан-жақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға қос тараптың да ниетті екенін айғақтайды. Кездесуде Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекеттерді өзара үйлестіру мәселелері талқыланды.