Шымкент – Қазақстанның ең көне және ең серпінді қалаларының бірі. Екі мың жылдан астам тарихы бар шаһар мегаполис мәртебесіне ие болғалы тіпті түрлене түсуде. Алғашқы жарты жылдықта негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайыз артып, 360 миллиард теңгеге жетті.
Шаһарда құрылыс қарқынды. Биылғы алты айда 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.
БЛИЦ:
- Архитектура жағынан, әлеуметтік статусы жағынан өсіп келе жатыр. Сонымен қатар өндіріс жағынан дамып келе жатыр. Жұмыс орындары көптеп ашылып, адамдар жұмыспен қамтылып жатыр.
- Халық көбейіп жатыр. Инфраструктура тоже өте дамып жатыр. Жолдарымыз әдемі боп жатыр. велодорожкалар паййда болған.
- Студенттерге, жастарға неше түрлі оқу орындары, саябақтар, қыдыруға арналған түрлі-түрлі жерлер бар бізде, қамтамасыз етілген ондай нәрсе. Күннен күнге әрнәрсе жаңадан соғылып жатыр.
Шымкент- Қазақстанның жетекші өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, фармацевтика, мұнай өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары жақсы дамыған.
ЕРМЕК ТҰРМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде 1трлн 54 млрд теңгеге өнім өндірілген. 900-ге жуық орта-ірі шағын кәсіпорындар тіркелген өңдеу өнеркәсіп саласында. Бұлар негізінен біздің арнайы экономикалық аймақтары, индустриалдық аймақтар және қаланың өнеркәсіп алаңдарында жұмыс істейді.
Қалада 7 өндірістік алаң бар. Оның біреуі арнайы экономикалық, қалғаны индустриалды аймақ. Өңдеу өнеркәсібі бойынша жыл соңына дейін 20 жобаны іске қосу жоспарланған. Оған 50 млрд теңгедей инвестиция құйылмақ. Шаһардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да нәтижелі. Жаңа әуежай терминал салынды, теміржол вокзалы реконструкцияланды.
РОЛАН ИБРАГИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Шымкент қаласында әуежайында жолаушылар ағыны- 20 пайызға, ал жүк айналымы- 38 пайызға өсті. Бұл -жақсы динамика. Енді екінші ұшып-қону жолағы құрылысы біткеннен кейін бұл әрі қарай да бізде Шымкент қаласы мультимодульды хаб ретінде дамуына оң әсерін тигізеді.
Денсаулық пен білім саласында да ілгерілеу бар. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 12 мектеп, заманауи талаптарға сай 500 орындық Оқушылар сарайы іске қосылған.