$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде 15 жастағы футболшы газдан уланып, қаза тапты

AstanaTV
13.10.2025ж. 19:00
Ақтөбеде 15 жастағы футболшы газдан уланып, қаза тапты

Ақтөбеде 15 жастағы футболшы қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша «Актобе U-16» командасының ойыншысы Арон Мұса бауыры және әжесімен бірге ыс иісіне уланып, көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өрт болмаған, алайда үй ішінен үш адамның денесі табылған. Газбен жылытылатын үйде қауіпсіздік ережелері сақталмаған болуы мүмкін. Полиция тергеуді бастады. Мамандар газ қондырғысын тексеріп, техникалық сараптама жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Арон Мұса- «Ақтөбе» футбол клубының жастар құрамасында ойнаған. Ол QJ лигасы аясындағы жарыстарға қатысып жүрген. Команда жас спортшының жарқын бейнесін мәңгі есінде сақтайтынын мәлімдеді. Қара жамылған отбасына қаржылай көмек көрсетпек.

ӘСЕТ ЖОМАРТ, «АҚТӨБЕ» ФК МЕДИА-ОФИЦЕРІ:

Жалпы болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы, сол үшін де «КУ ДЖИ» лига командасына ілігіп, мыңның бірі болып, сол жерге отбордан өткен болатын. Үлкен үміт күттірген қорғаушы еді. Біз оны болашақта «Ақтөбе» футбол клубының негізгі командасынан көрген болатынбыз. Сол таңдаудан өткен ойыншылардың бірі. Өкінішке орай мезгілсіз өтіп жатыр.