$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты

13.10.2025ж. 19:00
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты

Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ  адам соққыға жықты. Жазатайым жайт түн ортасында мегаполистегі дәмханалардың бірінде болған. «Күдіктілер 35-40 жас арасындағы атбалдай азаматтар», - дейді жәбірленушінің анасы.  Жас жігіт алғашқы соққылардан кейін бірден есін жоғалтқан көрінеді. Бірақ қаскөйлер соған қарамастан ұруды жалғастыра беріпті. Жәбірленушінің айтуынша,  күдіктілер ащы суға тойып алған. Досы екеуін жұдырықтың астына алған адам көлікке мініп, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген көрінеді.

МАРЖАН БОТБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Үлкен еркектер, бәрі семейный деп естідім. Солар нападать етіп, бірінші менің баламның досына тиіседі. Артынан балам келеді, не болды деген кезде, мама 15 секунд өткен жоқ қалай құлағанымды білмеймін, удар болды дейді. Мына жағынан удар болған, мына сүйегі сынған. Көз көрінбейді. Мұрны ішке кіріп кеткен баланың, балада сотрясение.

Жәбірленуші нейрохирургия бөлімінде 10 күн ем алады.  Алмалы аудандық полиция бөлімі денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, оның қызы бар, ері бар деген сияқты. Жанжалдың неден туындағанын анықтау үстіндеміз. Алдын ала мәлімет бойынша сөзге келіспеген жас адамдар жұдырық ала жүгірді. Қазіргі таңда барлық азаматтар ұсталып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалатын болады.