$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда «AMANAT» партиясының қолдауымен республикалық айтыс өтті

Атырауда «AMANAT» партиясының қолдауымен  республикалық айтыс өтті

Атырау қаласында «AMANAT» партиясының қолдауымен Мемлекеттік Әнұран мәтінінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Аламан айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 12 ақын қатысты. Ақындар толғамаған тақырып жоқ: Сөз шеберлері  ақиық ақынның  тұлғалық болмысын, оның ұлт пен әдебиетке сіңірген еңбегін жырына арқау етті. Сондай-ақ   қоғамдағы түрлі өлеңмен өрді. Аймақта республикалық айтыс араға екі жыл салып өтіп отыр. Ұлт өнеріне сусаған жұрт  5 сағатқа созылған айтысты тапжылмай көріп,  тапқыр ойға  шын көңілмен қошемет көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен Жансая Мусина бас жүлдені жеңіп алды. Атыраулық ақын Батыржан Кәдірбай мен ақтөбелік Ақбота Ануарбекова бірінші орынды иеленді. Қызылорда облысының намысын қорғаған Мұхтар Ниязовқа екінші орын бұйырды. Үшінші орынды Нұрмұхаммед Байсүгіров пен Иран-Ғайып Күзембаев бөлісті. Айтысқа қатысқан басқа ақындар да жүлдесіз қайтқан жоқ.

АЛТЫНБЕК МАРАЛҰЛЫ, КӨРЕРМЕН:

Айтыс деген -Қазақтың төл өнері. Шамамыз келгенше қалмауға тырысамыз. Ақындар, жас өсіп келе жатқан ақындарға өзіміз ризамыз. Өте жоғары деңгейде айтыс болды. Қазір маңғыстауылқ Бейбіт деген бауырымыз жоғары деңгейде айтыс жасады. Біздің Атыраудан Батыржан деген бауырымыз.  Жалпы ақындардың бәріне ризамыз. 

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жұмекен  Нәжімеденұлының үлкен тұлғалық болмысын жан-жағынан ашып жатыр. Ол кісінің  ұлтқа сіңірген еңбегін, біздің мәдениетіміззге, әдебиетімізге сіңірген еңбегін жан-жағынан  ақындар өздерінің ізденгеніне сай жақсы жырлап жатыр деп ойлаймын.  Сонымен бірге ақынның сөзі – заманның айнасы.  Бүгінгі заманның, бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселері.