Оралда баспанаға мұқтаж жастардың арманын орындаған "Жайық жастары" бағдарламасы биыл да жалғасады. Бұл жолы осы бастамаға 1,3 миллиард теңге бөлінген. Енді іріктеуден іркілмеген отбасылардың да қоныс тойын тойлайтын күн алыс емес.
Торғын Иманбаева биыл үш бөлмелі пәтер сатып алды. Оны 13 жыл баспанасыз жүрген. Үйсіздердің үмітін оятқан "Жайық жастары" бағдарламасы 70-ке жуық отбасыға іздегенге сұраған болды.
ТОРҒЫН ИМАНБАЕВА, ТҰРҒЫН:
40 адамның ішінен орын алып, осы үйді алдық. Енді басқа банктерге қарағанда осы "Орал жастарының" проценті өте аз, 5 процентпен алдық. Басқа банктер бірге бір қосады ғой, білесіздер өздеріңіз. Өте қуаныштымын осы бағдарламаға қатысқаныма және осы үйді алғаныма. Жайық жастарына қатысуға басқаларға айтар едім. Өте тиімді программа енді.
Биыл өтінімдер электронды сайт арқылы қабылданады. Бағдарлама талабына сай, үйдің бағасы 18 миллион теңгеден аспауы тиіс. Байқауда бағы жанғандар несиені 5 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға дейін рәсімдейді. Ал бастапқы жарна 10% болса жеткілікті әрі көп балалы отбасыларға жеңілдік қарастырылған.
ДАРХАН КАДРАЛИЕВ, БҚО ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл бағдарламаға қатысу үшін: ҚР азаматтығы, қатысушының жасы 21-35 жас аралығында, ерлі-зайыптылардың біреуі ғана тапсыра алады. Сонымен қатар, соңғы 1 жыл ішінде БҚО-да тұрақты тіркеу, кем дегенде соңғы 1 жылда зейнетақы аударымы, соңғы 5 жылда қатысушының және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы керек.
Бағдарламаға жергілікті атқарушы органдар, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, коммуналдық кәсіпорын, білім беру саласының қызметкерлері қатыса алады. Бағдарламаға құжат 20-31 қазан аралығында қабылданады.