$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбылда «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарланған

AstanaTV
13.10.2025ж. 19:00
Жамбылда «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарланған

Жамбылда «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарланған. Оның төртеуі   қолданысқа беріліп, оқушылар білім алып жатыр. Облыс орталығында бой көтерген үш жайлы мектеп шаһардағы үш ауысымда оқыту мәселесін түбегейлі шешті. Солардың бірі -нөмірі 67 орта мектебі. Сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған білім ошағы заманауи құрал-саймандармен жабдықталған.

Оқушылар мұнда озық технологиялармен білімін ұштайды.   62 білікті ұстаз бар. 59 оқу бөлмесі жабдықталған.  Математика, физика, химия, биология сыныптарына арналған 4 шеберхана, 3 заманауи зертханада балалардың жан-жақты білім алуына  жағдай жасалған.

АЙЖАН НҰРАБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

Келешек мектептеріндегі «Адал азамат, бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Оқушының жан-жақта дамуына, өзін-өзі басқаруына бағдарламаның табысты іске асуы үшін мектеп әкімшілігі ата-ана және оқушымен бірлескен жұмыс негізге алынады. Болашақта адал, еңбекқор, отан сүйгіш азаматын тәрбиелеу баршамыздың ортақ міндетіміз. 

1 робототехника, 30 оқушыға арналған би бөлмесі мен 2 спорт зал бар. Ал сабақтан тыс уақытта оқушылар 10 коворкинг орталығында ойын ойнап, демалуға мүмкіндік мол. Балалардың жан-жақты дамуына кітапхана мен акт залы да септігін тигізуде. Ауқымды асхана, бір мезетте 350 ге жуық оқушыны қабылдауға қауқарлы. 

МҰРАТ ТҰРЫСБЕК, № 67 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Балалардың білімін, қандай деңгейге көтеру деген сұрақ тұрады. Қалай оқытамыз, нені оқытамыз деген сұрақтар туындайды. Әрине бұл үшін балалардың негізгі мектепке келгеннен кейін алған білімдерін өміде қолдана білуге, жалпы әлеуетін өмірдің игілігіне пайдалана білуге дағдыландыру негізгі басты мақсатымыз болып табылады.

Келешек мектептері білім сапасын арттырып қана қоймай, оқушылардың болашақ мамандық таңдауына да септігін тигізеді.