$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда ақиық ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты гала-концерт өтті

Атырауда ақиық ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты гала-концерт өтті

Атырауда ақиық ақын, ұлт рухының шамшырағы, Мемлекеттік әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы  сән-салтанатымен аталып өтілді. Он күн бойы әдеби—танымдық конференция, көркемсөз оқу байқауы, жыр кеші, поэзия фестивалі ұйымдастырылып,  ақынның туған жеріне саяхат жасады. Мерейтой аясында елдік құндылықты дәріптеуге бағытталған «Менің Қазақстаным» атты гала-концерт өтті.

Елдік рух пен өнерді тоғыстырған айтулы шараға Атырау жұртшылығы  ерекше  дайындалды.  8 мың адам сыятын «Мұнайшы» стадионында ине шаншыр орын жоқ. Кеш басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, сахна төрінде екі мың студент Мемлекеттік Ту мен Жұмекен Нәжімеденовтің бейнесінен  алып мозайка құрастырды. Мектеп оқушылары көк тумен салтанатты шеру өткізді.  Гимн шырқаған мыңдаған адамның дауысы  бір сәтте елдік рухты асқақтатып, жүректі ерекше толқытты.  Ақын бұл өлеңді 21 жасында жазған.

АЛМАС АХМЕТБЕКҰЛЫ, АҚЫН, ЖҰМЕКЕНТАНУШЫ:

Жерім менің - Қазақстаным» деген сөзді  айтқан  Жұмекеннен басқа ақын жоқ Қазақстанда мыңдаған ақында. Бұл  тіркес тек Жұмекеннің аузынан шыққан  тіркес. Жұмекеннің санасынан ғана, Жұмекеннің ойынан  ғана ұшып шыққан тіркес.  Ал бұл тіркес Қазақстанның әнұранының  гимнінің жалындап тұрған өзегі. 

Сахна төрінде Атырау өңірінен шыққан белгілі әншілер мен өнер қайраткерлері көрерменді ерекше ықыласқа бөледі.  Облыс әкімінің орынбасары аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің   құттықтауын жеткізді.

ДАРЫН ШАМҰРАТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақ барда, осы Жұмекеннің  жырларын сүйіп оқитын қалың оқырманы барда, қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі барда, Жұмекеннің жырлары бізбен бірге мәңгілік жасай береді деп сенеміз.

АМАНТАЙ БЕРҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ГАЛА-КОНЦЕРТТІҢ БАС РЕЖИССЕРЫ:

Гимнімен халықтың  тарихта қалған болса, одан  әрі ұлықтап, келе жатқан жас ұрпақтарға соларды ұлықтап, әрі қарай Жұмекенді тану. Олай болатын болса,  мынау біздің шарамызға 6 жастан бастап, 60 жасқа дейінгі осы адамдарығң қатысуы да, Жұмекеннің диапазонының кең  екенін көрсетіп жатыр.

Мерекелік бағдарлама барысында Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнежазбалар көрсетіліп,  жас өнерпаздар ақын жырларын оқыды. Ән мен күй, жыр мен сыр ұштасқан мәдени кеш көрермен жүрегін жылытты.  Жұмекеннің қуатты жырына қанаттанып тарқасты.